«Ашық есік айлығы» аясында Бәйтерек ауданының жұмыс берушілерімен кездесу өтті

2026 жылдың 5 мамырында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Ашық есік айлығы» аясында Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту орталығы мен аудан мектептерінің өкілдері педагогикалық білім беру бағдарламаларының түлектерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жұмыс берушілер аудан мектептеріндегі бос жұмыс орындары, жас мамандарға арналған қолдау шаралары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Түлектер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін ұсынып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, болашақ педагог мамандар үшін тиімді кәсіби алаңға айналды.

© 2026 Mahambet Yniversiteti