«Қазаэронавигация» РМК өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті

01.04.2026 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Қазаэронавигация» РМК Орал филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға әртүрлі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысып, мекеменің қызметі, негізгі бағыттары және мамандарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алды. Кездесу барысында өкілдер әуе навигациясы саласының ерекшеліктері, кәсіби даму мүмкіндіктері мен жұмысқа орналасу жолдары жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, студенттер өндірістік тәжірибеден өту, тағылымдама мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу шарттары туралы мәліметтер алды. Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Кездесу өзара ашық диалог форматында өтіп, студенттердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етті.

© 2026 Mahambet Yniversiteti