Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КРО) компаниясы өкілдерінің және түлектер қауымдастығы мүшесінің бітіруші түлектермен кездесуі өтті

2026 жылғы 26 ақпанда университетімізде Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламаларының бітіруші студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараға Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) компаниясының өкілдері және түлектер қауымдастығының мүшелері қатысты. Кездесу барысында KPO компаниясының бизнес-қосымшалар секторының бастығы, университетіміздің 2007 жылғы түлегі Мұхамбетқалиев Серік Вахитович студенттерге халықаралық компаниядағы жұмыс мүмкіндіктері, мансаптық даму бағыттары және жастар практикасына қабылдау тәртібі туралы түсіндірді. Жастар практикасы бағдарламасы түлектерге өз мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинақтауға, кәсіби дағдыларын дамытуға және тәжірибелі мамандардан тәлім алуға мүмкіндік береді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек нарығындағы талаптар мен ІТ саласының қазіргі даму үрдістері туралы пайдалы ақпарат алды. Іс-шара студенттер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына оң әсерін тигізді.

© 2026 Mahambet Yniversiteti