Кездесуде Басқарма төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.С. Тасмагамбетов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілетті өкілі Серікқалиқызы Ақзира, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері, бітіруші курс студенттері қатысты. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектердің міндетті жұмыс өтілімі бойынша нормативтік құқықтық актілерге түсініктемелер берілді. Түлектер қаржы орталығының өкілінен өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Ақпараттық-түсіндіру жиналысы ZOOM платформасында онлайн түрінде өтті.