2017 жылдың 07 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» дайындық бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді.

2017 жылы 11 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты - педагогикалық емес  мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

2017 жылдың 30 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Жұмыс берушілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазіргі еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөнгелек үстел мәжілісі өтті.

Шараның мақсаты:  Жұмысқа орналасу саласында жоо мен оның әлеуметтік серіктестері/жұмыс берушілер арасында қарым-қатынас, тәжірибе алмасу, алдағы қарым-қатынастың бағыттарын анықтау.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің бітіруші курс студенттері 2017 жылдың 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіретін түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан облыс аудандары мен Орал қаласының мекемелері түлектерге 700-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке барысында сондай-ақ түлектерге «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы», «Жұмыспен қамту – 2020», тұрғын үйге қол жеткізу жолдары секілді жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша арнайы мамандар тегін кеңестер берілді. Жәрмеңкеге қатысқан университеттің бітіруші курс студенттері түрлі мекемелерге өз түйіндемелерін тапсырып, өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

2016 жылы 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Спорт сарайында дәстүрлі Мансап күні өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес  мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.

2016 жылдың 15 сәуір күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, көршілес Атырау және Маңғыстау облыстық білім басқармаларының, Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадр бөлімінің жетекшілері, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет бөлімдері мен балалар шығармашылығы орталықтарының өкілдері қатысты.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Жұмыс берушілер кеңесі өз жұмысын жемісті атқарып келеді. 2015-2016 оқу жылында Жұмыс берушілер кеңесі құрамында факультеттер мен кафедралардан ұсынылған тізім бойынша 40 адам бар. 

FaLang translation system by Faboba