Білім алушыларға кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу

Кәсіптік практика кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, зерттеу, өндірістік болып бөлінеді.
Практиканы барлық кезеңдерде ұйымдастыру түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес кәсіби құзыреттіліктерді игеруінің сабақтастығы мен жүйелегін қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практика базасы мен жетекшісін көрсете отырып, М.Өтемісов атындағы БҚУ Басқарма төрағасы-ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
Білім алушыға кәсіптік практика басталғанға дейін факультеттерде бекіту конференция практика өтушілерді дайындап, практика бағдарламасына сәйкес кеңестер өткізеді, осы қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша практикаға жолдама беріледі.
Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, типтік және оқу жұмыс жоспарларымен және бағдарламалармен, академиялық күнтізбе және университеттің практика бойынша бекітілген бағдарламаларымен айқындалады.
Кәсіптік практика оқу-әдістемелік басшылықты, практика бағдарламасын әзірлеуді және практиканы өткізу сапасын бақылауды даярлау бағытының бейінін және бакалавр/магистрантты оқытудың жеке траекториясын ескере отырып, жүзеге асырады.
Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша, яғни халықаралық практикада қабылданған сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D» - ге дейін және «қанағаттанарлықсыз» - «F», «FX») және дәстүрлі жүйе бойынша бағаланады. Кәсіптік практика (оқу, педагогикалық, өндірістік) бойынша баға қорғау қорытындылары бойынша, есептік құжаттаманы ресімдеу сапасын ескере отырып қойылады.
Университет білім алушылар үшін қолжетімділік талаптарын ескере отырып, денсаулық мүмкіндігі шектеулі білім алушылары үшін практиканы өту орындарын таңдауды қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер мен мүгедек студенттердің практиканы өту орындарын таңдау кезінде олардың денсаулық жағдайы және білім алушылардың деректері үшін практика базаларының қолжетімділігі ескеріледі.
Төтенше жағдай және карантин жағдайларында кәсіби практиканы ZOOM платформасы арқылы өткізу ұсынылады, бұл ретте ұйымдастыру тәртібі (бұйрықтар шығарылады), практика мерзімдері, есептілік және аралық аттестаттау түрлері сақталады. Практика жетекшілері бекітілген сағаттарға сәйкес студенттермен қашықтықтан байланыс сағаттарын өткізеді.
БББ – ның талаптары мен бейініне сәйкес практиканы ұйымдастыру үшін кәсіптік практика бағдарламасы (бұдан әрі-практика бағдарламасы) әзірленеді.
Практика бағдарламасының мақсаты - тікелей практиканы өту орындарында білім алушылардың кәсіптік-практикалық даярлық процесін басқару болып табылады.
Практика бағдарламасы барлық БББ үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін, білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу орнының тиісті профессорлық-оқытушылық құрамымен БББ жұмыс оқу жоспарына сәйкес әзірлейді.
Педагогикалық практика әр курста бүкіл оқу кезеңінде өткізіледі және оған мыналар кіреді:
1) оқу (танысу) практика (1 курс, көлемі 2 кредиттен кем емес, 60 сағат);
2) психологиялық-педагогикалық практика (2 курс, көлемі 2 кредиттен кем емес, 60 сағат);
3) педагогикалық практика (3 курс, көлемі 5 кредиттен кем емес, 150 сағат);
4) өндірістік-педагогикалық практика (бітіруші курста, кемінде 15 кредит, 450 сағат көлемінде).
Педагогикалық емес білім беру бағдарламаларың практикасын мыналарды қамтиды:
1) оқу (танысу) практика (1 курс, көлемі 2 кредиттен кем емес, 60 сағат);
2) өндірістік (кәсіптік) пратика (2 курс, көлемі 2-3 кредиттен кем емес, 60-90 сағат, 3 курс, көлемі 5 кредиттен кем емес, 150 сағат, бітіруші курста, кемінде 15 кредит, 450 сағат көлемінде).

FaLang translation system by Faboba