Жастар тәжірибесі- жастарға келесі мүмкіншіліктерді береді:

Бітіруші түлектерге:
-кәсіби тәжірибе алуға
-өзін көрсете білу мен болашақта жұмысқа орналасуға;
-мемлекеттен қаржылық қолдау алуға (мансаптың алғашқы 180 күнінде).

Жұмыс берушілер үшін:
- Ынталы, өз ойымен, өз дәлелімен келген жас маманды қабылдай;
-Компанияда тәжірибе өтіп жүрген уақытында болашақ маманды тегін тексере алатын;
-маманды қайта оқытудан гөрі үйрету;
-өз компаниясына әлеуметтік жауапкершілікті көрсету;

Жастар тәжірибесіне қатысу шарттары
Жастар тәжірибесі-бұл жоғары оқу орындары,колледж бен лицейді бітірген түлектер үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған мүмкіншілік.
Бітіруші түлек Жастар тәжірибесін меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жастар тәжірибесіне қатысқан жоғары оқу түлектеріне мемлекет тарапынан 100 % көлемде 58 153 теңге төлем ақы жүргізіледі.Ал жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем беруіне құқылы.
Жастар тәжірибесінің ұзақтық мерзімі - 6 ай
Жастар тәжірибесін өтуге ниет білдіруші жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге

Жаднама
Жастар тәжірибесі дегеніміз не?
ЖОО, колледждер мен лицейді бітіруші түлектерге мамандық алғаннан кейін алғашты тәжірибе алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп отырған қосымша шара.
Жастар тәжірибесіне қатысушыларға жұмыс уақытын жұмыс берушінің өзі анықтайды.(жұмыс беруші, жұмыс уақыты белгіленген, қол қойылған табельмен бекітеді).
Жастар тәжірибесіне қатысушы жас түлектерге мемлекет тарапынан ай сайын 100% көлемде 58 153 теңге айлық төленеді.(салық төлемдерін есептемегенде).
Бітіруші жас түлектер Жастар тәжірибесіне меншік түріне қарамастан кез келген ұйымнан өте алады.Жұмыс беруші өзінің қалауынша қосымша төлем ақы бере алады.
Жастар тәжірибесінің ұзақтық мерзімі - 6 ай

Жастар тәжірибесіне кімдер қатыса алады?
Жоғары оқу орындарын, колледждер мен лицейді бітірген және өз мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ жастар қатыса алады. Жастар тәжірибесіне оқу бітіргеннен кейін зейнеткерлік төлемдері жоқ жастар жіберіледі. Онда Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы мен аудандық бөлімдері Мемлекеттік Зейнетақы Төлеу Орталығынан (ГЦВП) зейнеткерлік төлемдері туралы анықтама сұрайды.

Жастар тәжірибесіне қалай қатысуға болады?
1-ші қадам. Құжаттар дайындау.
Келесі құжаттарды дайындау қажет:

1.Жеке куәлік
2.Диплом немесе оқу бутургену туралы анықтама қағаз
3. Зейнет қорынан келісім шарт

2-ші қадам. Жастар тәжірибесі өтетін орын іздеу (жұмыс берушіні)
•    Жас түлек өз бетімен немесе Мансап орталығы көмегімен, оқу орындары арқылы іздеу керек.
•    Егерде бітіруші түлек тәжірибе өтетін орынды өз бетімен таба алмаса Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасының аудан бөлімдеріне хабарласуға болады.
3-ші қадам. Жастар тәжірибесіне қатысуға жолдама алу.
- Егерде бітіруші түлек Орал қаласының тұрақты тұрғыны тіркеуі болса, онда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасына тұрғылықты тұрғын ретінде баруға болады.
- Жоғарыда аталған құжаттарға қосымша үй тіркеу кітабы болуы шарт.
2.Ал егерде бітіруші түлек Орал қаласының тұрақты тұрғыны болмаса (қала сыртынан келген студент) онда оған келесі құжаттарды жинау қажет:
а) Орал қаласы Еңбек биржасына (мекен-жайы берілген) хабарласып жастар тәжірибесіне қатысуға жолдама алу.
б) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміне жұмыс берушінің заңды мекенжайын көрсету.
4-ші қадам. Жұмыс берушіде құжаттарды рәсімдеу.
1. Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасымен бекітілген үш жақты типтік келісім шарттқа қол қою.
2. Жұмыс берушіде Жастар тәжірибесіне жіберген жолдамасының бір бөлігін толтырып және бұйрық көшірмесін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы аудандық бөліміне беру (жіберу,өткізу) қажет.
3. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасы аудандық бөліміне ай сайын жұмыс уақыты есептелген табельді көрсетіп отыру шарт (айлық жалақы есептеуге)

FaLang translation system by Faboba