М.Өтемісов атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетінің жұмыс берушілер кеңесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.1 Жұмыс берушілер кеңесі университетке студенттерді оқыту мен жұмысқа орналастыру, білім сапасын жетілдіру, оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтылуын жақсарту, университет қызметін қаржылай қолдау, университеттің мамандарды даярлаудағы қызметі бойынша ұйымдар және мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнату үшін құрылады.
1.2 Жұмыс берушілер кеңесі университет ректоры бекіткен ережелер негізінде жұмыс жасайды.
2. Жұмыс берушілер кеңесінің мақсаты мен міндеттері
2.1 Жұмыс берушілер кеңесінің мақсаты - ірі ғылыми-білім беру орталығының және нарықтың қазіргі заман талабына сай мәселелерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау орталығы ретінде қалыптастыру және университеттің көкейкесті мәселелерін шешуге ықпалын тигізу болып табылады.
2.2 Жұмыс берушілер кеңесі (әрі қарай – Кеңес):
2.2.1 жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, университет түлектерінің кәсіби біліктіліктерін қалыптастыруға, кәсіби білім жүйесін дамытуға ықпал етеді;
2.2.2 жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын, оқу-жұмыс жоспарларын, оқу үрдісінің кестесін әзірлеуге тарту;
2.2.3 инновациялық қызметтің дамуын қолдау және оның ғылыми-техникалық нәтижелерін қызмет көрсету саласы мен өндірісте енгізу;
2.2.4 кәсіпорындар мен ұйымдардың технологиялық базаларын пайдалана отырып, барлық сараман түрлерін өту үшін орындар дайындауға атсалысу;
2.2.5 мамандарды дайындау сапасын арттыруға ықпал ететін жобалар мен даму бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектесу;
2.2.6 кәсіби білім беру сапасын бақылауға және түлектердің кәсіби дайындықтарын тексеруге қатысады;
2.2.7 оқу, ғылыми және әлеуметтік бағыттағы нысандар құрылыстары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және ғылыми-зерттеулерді жүргізуге, оқу үрдісіне қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алуды жүзеге асыруға ықпал ету;
2.2.9 университет түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
2.2.8. сараптама-кеңестік қызметтердің, ұйымдар мен мекемелердің инновациялық дамуы бойынша зерттеу-жобалау жұмыстарына қатысу мен мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
2.2.10 талантты студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға қолдау көрсетеді және олардың кәсіби дайындығына ықпал етеді;
2.2.11 ақпараттық, қоғамдық және көрмелік қызметтерді жүзеге асыруға ықпал етеді;
2.2.12 теориялық оқыту мен өндірістегі тәжірибелік дайындықты біріктіру негізінде білім беру бағдарламаларының кәсіптендіру пәндері бойынша дуалды оқыту элементтерін енгізу бойынша жұмыстарға жәрдемдеседі;
2.2.13 білім алушылар үшін оқу-әдістемелік материалдар дайындауға қатысады;
2.2.14 университеттің басқа да даму мәселелерін қарастырады.
3. Кеңесті басқару, кеңестің жұмысын ұйымдастыру және құрамы
3.1 Кеңес университет ректорының бұйрығымен құрылады.
Кеңес отырысы қажет болған жағдайда, бірақ жылына бір реттен кем емес шақырылады.
3.2. Кеңес құрамына білім беру, қызмет көрсету салаларының, ғылыми ұйымдардың, қоғамдық және кәсіби бірлестіктердің (қауымдастық), университеттің кәсіби қызметінің бейіні бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік қызмет органдарының өкілдері, сондай-ақ университет өкілдері кіреді.
3.3 Кеңес мүшелерінің саны шектеусіз.
3.4 Кеңес мүшелері Кеңестегі өз қызметтерін қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асырады.
3.5 Кеңес университеттің Ғылыми кеңесі және ректоратпен тығыз қарым-қатынаста, мүшелерінің теңдігі, бірлігі негізінде қызмет етеді.
3.6 Кеңес құрамында университетте мамандарды даярлауға және басқа да мәселелерге бағытталған секциялар құрылуы мүмкін.
3.7 Кеңес шешімі ұсыныс және кеңес беру түрінде болады.
3.8 Кеңес төрағасын және секция төрағаларын ректор Кеңес мүшелері құрамынан 5 жыл мерзімге тағайындайды.
3.9 Кеңес пен оның секцияларының шешімі қатысушылардың ашық дауыс беруімен қабылданады.
3.10 Кеңестің және секцияның жауапты хатшылары университет қызметкерлерінің ішінен ректордың келісімімен сайланады.
4. Қорытынды ережелер
4.1. Кеңесті қайта ұйымдастыру мен тарату кеңес шешімімен және университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
4.2. Осы Ереже, сондай-ақ оған енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер университет ректорымен бекітіледі.