Кездесуге Бөрлі аудандық білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін мектептердің директорлары, факультеттер бойынша бітіруші түлектер қатысты. Кездесуді университеттің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Ә.С. Тасмағамбетов сөз сөйлеп ашты.
Сөз алған аудандық бөлімдердің бсашылары мен мектеп директорлары ауданның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму барысы, тыныс-тіршілігі, жас мамандарға деген қажеттіліктер, оларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары мен жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға», т.б. мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен тоқталып өтіп, түлектерді ауданға жұмысқа орналасуға шақырды.
Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, оларға жауаптар алды.