М.Өтемісов атындағы БҚМУ 2013 ж. университет түлектерін тарату шарасы
2013 жылдың 10-сәуір күні жылма-жыл ұйымдастырылатын дәстүрлі педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Шараға Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадрлар бөлімінің бастықтары, сонымен қатар облыстық және аудандық мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты.
2013 жылы университетті 630 студент тамамдайды, олардың ішінде:
- 317 педагогикалық;
- 313 педагогикалық емес мамандықта оқитын студенттер.
Шараға барлығы педагогикалық мамандықтар бойынша бітіретін 317 студент (оның ішінде грант негізінде ауыл квотасымен түскені – 69), өнер мамандықтары бойынша 60 студент, бәрін қосқанда 377 студент қатысты.
Білім беру саласының мамандықтары бойынша:
- 277 студент (201 –і аудандарға қарасты білім беру ұйымдарына, 76-ы қалалық білім беру ұйымдары мен жеке орталықтарға) таратылды;
- 7-і жанұя жағдайына байланысты ерікті;
- 32 студент сұраныстың жоқтығына байланысты ерікті таратылды;
- 1 студент оқудан шығады.
Өнер мамандықтары бойынша оқуды тамамдағалы отырған 60 студенттің 53-і (36-ы аудандық, ал 18-і қалалық білім беру және мәдени-демалыс орталықтарына) жолданып, 6-ы ерікті таратылды.