Новости

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің БҚО мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастығы Сергалин Әкімгерей Бексұлтанұлымен кездесуі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 26 сәуір күні мәжіліс залында  БҚО мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастығы Сергалин Әкімгерей Бексұлтанұлының студенттермен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жаңалықтарға тоқталып, ҚР азаматтарына тест тапсыру арқылы мемлекеттік қызметке тұруға ерікті екендігін, құжат тапсыру жұмысы жалғасып жатқанын айтты. Студенттер мемлекеттік қызмет өтілін есептеу тәртібі мен ережелері туралы, қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың өзгерістері туралы сұрақтар қойды. Әкімгерей Бексұлтанұлы келушілердің барлық сұрақтарына жауап беріп, түсініктемелер және ұсыныстар берді.

© 2026 Махамбет университеті