"М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің Жаңақала аудандық әкімшілігімен кездесуі"
Сараман, мансап және маркетинг бөлімі 2012 жылдың 30 наурыз күні Жаңақала ауданы бойынша университет студенттерінің аталған аудан әкімшілігімен кездесуі ұйымдастырды. Кездесуге бірінші проректор - Ә.С.Тасмағамбетов, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Қ.Жүсіпқалиева, факультет декандары және 2,3,4-курстың 50-ден астам студенті қатысты. Жаңақала ауданынан кездесуге аудан әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат жөніндегі орынбасары – Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы – Серғазиев Дидар Жеңісұлы және аудандық «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі «Нұр Отан» жастар қанатының төрайымы – Тлекешова Арна Едекешқызы қатысты.
Кездесуді Әсет Сембайұлы университет жөнінде, университет жетістіктері жөнінде баяндама жасап, ашты. Сапалы білім алып, шыңдалған түлектеріміздің ендігі жерде жұмысқа орналасу мәселесін, жас буынға білім беріп қоймай, алдағы өмірде қадамдарын нық басып, өз орындарын тауып кетуіне аудан әкімшіліктері мен университеттің бірігіп жұмыстануын сөз етті.
Кездесу барысында келген қонақтардың барлығы сөз алып, ҚР Президентінің «Қазақстан-2020» бағдарламасы, «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы» бағдараламаларының аясында өз ауданының студенттеріне аудан тарапынан әрқашан қолдау көрсетілетініне, әсіресе өнер саласындағы мамандықтардың студенттерін ерекше атап, жуырда облыста құрылатын Жаңақала ауданының қауымдасдастығына мүшелікке шақырды.
Сонымен қатар, студенттер тарапынан Молдашева Айкүн (филология факультеті), Насибуллина Альбина (экономика және басқару факультеті), Төремұратова Арайлым (педагогика факультеті), Төлегенова Сания, Хайруллина Роза (жаратылыстану-математика факультеті), Каменов Қамбар (тарих және құқық факультеті) сұрақтар қойды. Сұрақтардың дені университетті биыл бітіретін түлектердің өздері түлеп ұшқан мектептерге жұмысқа орналасуға ниеттерінің қолдау табуы туралы болды. Ал студенттерді сараманнан өту, дипломдық жұмыс жазу барасыныда керекті деректермен қамтамасыз ету, қысқы-көктемгі, мереке күндеріндегі демалысы кезінде студенттерді ауылына жеткізетін арзан көліктің ұйымдастырылуы университет қабырғасында әлі де білім алып жатқан студенттердің басты сұрағы болды.
Кездесу өте жылы өтті, студенттер мен шақырылған қонақтар бір-бірімен жақын әңгімелесті. Алдағы уақытта бөлімнің жоспарында облысымыздың өзге аудандарының әкімдерімен кездесулері бар.


