"М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2012 ж.университет түлектерін тарату шарасы"
2012 жылдың 5-сәуір күні жылма-жыл ұйымдастырылатын дәстүрлі түлектерді тарату шарасы комиссиясының отырысы өткізілді. Шараға Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадрлар бөлімінің бастықтары, сонымен қатар облыстық және аудандық мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты.
2012 жылы университетті 913 студент тамамдайды, олардың ішінде:
- 429 педагогикалық;
- 484 педагогикалық емес мамандықта оқитын студенттер.
Шараға барлығы педагогикалық мамандықтар бойынша бітіретін 429 студент (оның ішінде грант негізінде ауыл квотасымен түскені – 118), өнер мамандықтары бойынша 63 студент, бәрін қосқанда 492 студент қатысты.
Білім беру саласының мамандықтары бойынша:
- 365 студент (305 –і аудандарға қарасты білім беру ұйымдарына, 60-ы қалалық білім беру ұйымдары мен жеке орталықтарға) таратылды;
- 39-ы жанұя жағдайына байланысты ерікті;
- 25 студент сұраныстың жоқтығына байланысты ерікті таратылды.
Өнер мамандықтары бойынша оқуды тамамдағалы отырған 63 студенттің 61-і (35-і аудандық, ал 26-ы қалалық білім беру және мәдени-демалыс орталықтарына) жолданып, 2-і жанұя жағдайына байланысты ерікті таратылды.
Ауылдық квота бойынша бітіргелі отырған 118 студенттің 10 жанұя жағдайына байланысты ерікті, қалған 108-і аудандардың білім беру ұйымдарына таратылды.



