Новости

Встреча студентов образовательных программ в области дизайна с работодателями и представителями Ассоциации выпускников: перспективы практики и трудоустройства»

 2026 жылғы 27 қаңтарда 6В02123 – Сән және костюм дизайны, 6В02124 – Интерьер дизайны, 6В02127 – Графикалық дизайн білім беру бағдарламаларының студенттері үшін кәсіби бағыттағы мазмұнды кездесу өтті.

Кездесуге «Ерсұлтан Company» кәсіпорнының директоры, сондай-ақ университеттің 2024 жылғы 6B02107 – Дизайн білім беру бағдарламасының түлегі, Түлектер қауымдастығының белсенді мүшесі, қазіргі таңда аталған компанияда қызмет атқарып жүрген Кеңескерей Аружан Әділбекқызы қатысты. Сонымен қатар, осы кәсіпорында өндірістік практикадан өтіп, жұмыс тәжірибесін жинақтап жатқан 6В02124 – Интерьер дизайны білім беру бағдарламасының 5 курс студенті Хамитова Мадина Төлегенқызы өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында студенттердің өндірістік және дипломалды практикадан өту мүмкіндіктері, компания тарапынан ұсынылатын тағылымдамалар, сондай-ақ болашақта тұрақты жұмысқа орналасу жолдары жан-жақты талқыланды. «Ерсұлтан Company» директоры компания қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, жас мамандарға қойылатын талаптар мен кәсіби дағдылардың маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Аружан Әділбекқызы университетте алған білімнің еңбек нарығындағы сұранысқа сай екенін атап өтіп, студенттерді белсенді, ізденімпаз болуға және тәжірибе жинақтауға ерте кірісуге шақырды. Ал Мадина Хамитова практика барысында алған әсерімен бөлісіп, нақты жобаларға қатысу кәсіби шеберлікті арттыруға үлкен мүмкіндік беретінін айтты. Аталған кездесу студенттер үшін болашақ кәсіби бағытын айқындауға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді тереңірек түсінуге және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға үлкен серпін берді. Осындай ынтымақтастық шаралары университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, білікті мамандар даярлауға ықпал ететіні сөзсіз.

© 2026 Махамбет университеті