2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінде Тарих, экономика және құқық факультетінің 4-курс студенттерімен, яғни бітіруші түлектермен кездесу өтеді.

Кездесу барысында мекеме қызметі туралы толық ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметке орналасу жолдары, бос жұмыс орындары, кәсіби тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері және жұмысқа қабылдау талаптары таныстырылады.

Мекенжайы: Некрасов көшесі, 30/1.

Кездесуге міндетті түрде қатысуларыңыз сұралады.