2026 жылғы 25 қарашада Педагогика факультетінің Академиялық комитетінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысты. Кездесу барысында 2026–2027 оқу жылына арналған Академиялық комитеттің жұмыс жоспары мен құрамы, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқу мазмұнын еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестендіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жұмыс берушілер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру бағытында өзекті мәселелерді ортаға салды. Отырыс барысында оқу үдерісіне цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдарын енгізу, элективті пәндерді жаңарту, жеке білім беру траекторияларын дамыту, академиялық ұтқырлық пен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері де талқыланды. Кездесу соңында жұмыс берушілерге білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға қатысты кері байланыс жинау мақсатында сауалнама толтыру ұсынылды. Сондай-ақ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының байланыс деректері ұсынылып, жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнату, өзара ынтымақтастықты нығайту және алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайындық білдірілді.




