КПО компаниясымен серіктестік
КПО компаниясы
“Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг” (КПО) Халықаралық консорциумы әлемдегі ең ірі мұнай газ конденсат кен орындарының бірі – Қарашығанақ кен орнын өндіреді. Компанияның орталық кеңсесі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан. КПО бас директоры - Давиде Маццуккелли.
Егер Сіз оқуыңыздың соңғы екі жылында оқып жатқан студент болсаңыз, Қарашығанақ жобасына қосылуға уақыт келді. Студенттердің практика бағдарламасына сәйкес оларға тікелей компанияға қатысты жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді. Осындай бір немесе екі айға созылатын практика студенттерге таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс істеуде зор тәжірибе береді.
Практика уақытында Сіз Компанияның белгілі бір бөлімінде, тәжірибелі әрі кәсіпқой қызметкерлермен бірге жұмыс істейсіз. Жұмыс барысында мансап және кәсіби біліктілікті дамытатын практикалық білім мен тәжірибе аласыз.
Төменде КПО компаниясында Студенттік Практиканы өту барысы туралы ақпаратты таба аласыз
КПО компаниясында Студенттік Практиканы өту туралы ақпарат.
• КПО-да практика өткен кезде теориялық білімге тәжірибе қосылады, әрі белгілі бір бөлімде жұмыс істейсіз.
• КПО-ның Студенттердің приктика өту бағдарламасының талаптары бойынша үміткерлер біріншіден Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 18 немесе одан үлкен болу, әрі Қазақстандық Жоғарғы Оқу Орнында оқу тиіс.
• Практика мерзімі соңғы екі оқу жылында оқып жатқан студенттерге бір ай, ал соңғы курстағы студенттер диплом жұмысының тақырыбы Қарашығанақ жобасына қатысты болса екі айға созылады.
• КПО-да практика өту үшін студенттердің үлгерімі 4 (төрт) деген бағадан кем болмау керек.
• Компания студенттердің біліміне қарап және интервью нәтежилеріне сүйеніп арасынан ең жақсысын таңдап алуға құқылы.
• Қызмет орындарының саны КПО компаниясының әрбір бөлімінің қажеттілігіне байланысты анықталады.
• КПО-ның Студенттердің практика өту бағдарламасы бойынша қосымша сұрақтармен Сараман, мансап және маркетинг бөліміне жолығыңыз.
Application forms for practice
Студенттік сараманға үміткерлер тізімі
2019-2020 оқу жылында КПО компаниясында студенттердің сараманнан өткен тізімі
2018-2019 оқу жылында КПО компаниясында студенттердің сараманнан өткен тізімі
2017-2018 оқу жылында КПО компаниясында студенттердің сараманнан өткен тізімі
КПО компаниясымен келісімшарт - 25.03.2021