2026 жылғы 24 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінде жұмыс берушілер және түлектер қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге №40 ЖББОМ, «Зейін» университеттік мектебі, №28 мектеп-лицейі, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясы, №9 ЖББОМ, М.Б. Ықсанов атындағы №36 ЖББОМ директорлары, Жұбан Молдағалиев атындағы орталық әмбебап ғылыми кітапханасы, Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы басшылары, сондай-ақ Жайық Пресс медиахолдингі өкілдері қатысты. Түлектер қауымдастығы атынан «Зейін» университеттік мектебінің директоры, университет түлегі Максимов Дәулет Серғалиұлы қатысып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.


