М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Мансап орталығының 2015-2016 оқу жылында атқарған жұмыстары бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1. Оқу және өндірістік сарамандарды ұйымдастырып өткізу
Кәсіби сараман білім алушылардың оқу кезінде алған білімдерін бекітуге, практикалық дағдыларын қалыптастыруға, алдыңғы озық тәжірибе мен құзіреттіліктерін игеруге бағытталған. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды сараман түрлеріне бөлінеді. Барлық сараман түрлері жоо білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.
Кәсіби сарамандардан: оқу, өндірістік және дипломалды сарамандардан өту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген жоғары білім беру мемлекеттік стандартына және ҚР Үкіметінің 17.05.2013 жылғы №499 қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің типтік ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Мамандықтар бойынша барлық сараман түрлері оқу үрдісінің бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Мансап орталығы кафедралармен біріге отырып, ведомостволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан мамандарды дайындау бағыты мен болашақ кәсіби қызметіне сәйкес сараман базаларын анықтайды. Сараман басталғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын сараман базаларымен жоо мен кәсіпорын міндеттемелері айқындалған келісімшарт жасалады.
2015-2016 оқу жылының басында университетте 374 мекемемен келісім-шарт жасалған (160 – педагогикалық мамандық бойынша, 214 – педагогикалық емес мамандық бойынша) болса, жыл соңындағы мәліметтер бойынша олардың саны 452-ге жетті (201 – педагогикалық мамандықтар бойынша, 251 – педагогикалық емес мамандықтар бойынша). Келісім-шарттардың әрекет ету мерзімі 1-5 жыл аралығында.
2015-2016 оқу жылында бекітілген кестеге сәйкес «Білім» бағытындағы мамандықтар бойынша білім алып жатқан 1-2 курстың 847 студенті үздіксіз педагогикалық сараманнан өтті. Сараман базалары ретінде Орал қаласының жалпы орта білім беретін мектептері алынды. Үздіксіз педагогикалық сараман мерзімі әртүрлі: 2–4 апта аралығында.
Оқу жылы барысында мансап орталығы 1-4 курс студенттерінің сарамандарын ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған жұмыстарды атқарды.
2015 жылдың 9 қазан күні кафедралар бойынша сараман жетекшілеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, кәсіби сарамандарды ұйымдастыру мен өткізу ережелері, негізгі талаптары, тұрақтандыру конференцияларын, есептерді қорғау талаптары, сондай-ақ сараман уақыты, базасы, жетекшілері көрсетілген қызметтік жазбаларды ресімдеу талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы сөз болды.
Мансап орталығының әдіскерлері кафедраларда өткізілген тұрақтандыру конференцияларына қатысып, сараманның мақсаты мен міндеттері, құжаттарды уақытында жинап тапсыру, одан әрі жұмысқа орналасу бойынша жасалатын қосымша келісімшарт жасау туралы ақпараттар беріп, сараманға жолдамалар таратты.
2015-2016 оқу жылында алдын-ала жасалған келісімшарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші 3-4 курстардың 586 студенті Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Қазақстанның басқа да аймақтарының түрлі білім беру мекемелерінде педагогикалық сараманнан өтті.
2015-2016 оқу жылында педагогикалық емес мамандықтар бойынша университетте білім алып жатқан 458 студент өндірістік сараманнан өткен болатын. Өндірістік сараман өту барысында студенттер негізінен сараман базасын жасалынған келісімшарттар бойынша өздері анықтайды. Сондай-ақ студенттер өз бетінше түрлі мекемелер мен ұйымдардан сұраныс хат әкеліп, сол бойынша келісімшарттар жасалады да, студенттер сараманға жолданады. Сараман базалары ретінде Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының мекемелерімен қатар, республикамыздың басқа да өңірлерінің түрлі ұйым-дары мен мекемелері тартылды.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясы арасындағы келісім-шартқа (11.06.2012 ж.) сәйкес университет студенттері аталған компаниядан келіп түскен хаттарға сәйкес бір ай көлеміндегі сараманнан өтеді. 2015-2016 оқу жылында Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясынан университет бойынша 58 студент сараманнан өтті.
2015-2016 оқу жылында университет бойынша педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтардың 4300 студенті сараманнан өтті (2014-2015 оқу жылында 4100 студент). Оның ішінде 1 курс студенттері – 1131, 2 курс – 1087, 3 курс – 1028, 4 курс – 1027, 5 курс – 27.
2. Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар
2016 жылы университетті күндізгі бөлім бойынша 1035 түлек бітіріп отыр. Оның ішінде педагогикалық мамандықтар бойынша 582 түлек аяқтаса, педагогикалық емес мамандықтар бойынша түлектер саны – 453.
Оқу жылы барысында түлектерді жұмыспен қамтуға байланысты түрлі деңгейдегі шаралар өткізілді.
2015 жылдың қазан айында университеттің бітіруші курс студенттерімен кездесулер ұйымдастырылып, оларға ауылдық және қалалық жерлерде жұмыс жасау талаптары, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» бағдарламалары туралы кеңінен айтылып, түсіндірілді.
2015 жылдың 18-19 желтоқсан күндері барлық факультеттерде бітіруші курс студенттерімен кездесулер өткізіліп, оларды кәсіби сараман өту үшін жолдама беру, сараман базаларынан түскен сұраныстарды және одан әрі түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша кепілдік хаттарды рәсімдеу талаптары түсіндірілді.
2015-2016 оқу жылында университеттің бітіруші курс студенттерінің дерекқоры жасақталып, университет сайтына орналастырылды. Дерекқорда түлектердің аты-жөні, мамандығы, оқыту тілі, ата-анасының тұрғылықты жерлері, қаладағы мекен-жайлары, байланыс нөмірлері көрсетілген.
Сондай-ақ оқу жылы барысында облыстық басқармалардан алынған бос жұмыс орындары туралы мәліметтер де түлектерге таратылып, сайтқа орналастырылды.
Оқу жылы барысында әр айдың 25-не дейін түлектер бойынша «Түлек» ақпараттық жүйесіндегі «Форма-59-ға» жаңартылып, толықтырылып толтырылған ақпараттар Орал қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы» ММ-не тапсырылып отырды.
2015-2016 оқу жылы барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлескен жұмыстар атқарылды. ҚР Үкіметінің 30.03.2012 жылғы №390 қаулысына сәйкес педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алған күндізгі және сырттай бөлім түлектеріне жұмысқа орналасу бойынша жолдамалар беріліп, қалалық және аудандық, ауылдық жерлердегі мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар, атқаралыған шаралар алдағы оқу жылында да өз жалғасына табатын болады.
3. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы Жұмыс берушілер кеңесінің жұмысы
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де Жұмыс берушілер кеңесі өз жұмысын жемісті атқарып келеді. 2015-2016 оқу жылында Жұмыс берушілер кеңесі құрамында факультеттер мен кафедралардан ұсынылған тізім бойынша 40 адам бар.
2016 жылдың 12 қаңтар күні университетте түлектерді жұмысқа орналастыру, туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдарына арналған «ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында жұмыс берушілермен біріккен дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстел отырысына университет әкімшілігі, жұмыс берушілер, бөлім жетекшілері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері қатысты. Дөңгелек үстел барысында болашақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланып, сөз болды. Шара соңында жұмыс берушілердің ұсыныстары ескерілген қаулы қабылданып, соның негізінде жұмыстану тапсырылды.
4. БҚМУ түлектері қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру
М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектері қауымдастығы Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық ұйымы БҚМУ түлектерінің өзін-өзі басқара алатын ерікті қоғамдық ұйым болып табылады. Қауымдастық жалпы мүдделерді жүзеге асыру және мәдени, білім беру, ғылыми, басқару және де басқа мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында құрылған Қауымдастық университет пен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, БҚМУ түлектеріне көмек көрсетеді және білім беру қызметі нарығындағы жоо-ның орнын нығайтуға жәрдемдеседі.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды бітірген және бітіргендігі туралы диплом алғандар, магистратураны, аспирантураны, докторантураны бітірген тұлғалар, БҚМУ оқытушылары мен қызметкерлері қауымдастыққа мүше болып табылады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің қауымдастығы туралы ереже 27.01.2012 жылы университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген.
2015-2016 оқу жылындағы мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда қауымдастық құрамында факультеттердің ұсынған тізімі бойынша 64 адам бар.
2015-2016 оқу жылында БҚМУ түлектері қауымдастығы аясында факультеттерде бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мәдениет және өнер факультетінің хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы бойынша 2015 жылдың 16 қазанында 5В040900 «Хореография» мамандығының студенттерімен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Назерке» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстері осы мамандықтың түлегі, республикалық, халықаралық би байқауларының жүлдегері А.Ә.Тасболатовамен кездесу өтті. Сондай-ақ 2015 жылдың 5 қарашасында Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушысы, әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы пәндік-циклдік комиссиясының төрағасы, А. Бауыржанұлы 5В090600 «Мәдени-тынығу жұмысы» студенттерімен өткізілген «МТЖ халықтық дәстүрлері» пәнінің ашық сабағына шақырылды. 2016 жылдың 31 наурызында 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығының студенттері Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың ғылым, менеджмент және маркетинг бөліміндегі қызмет жетекшісінің орынбасары, кафедра түлегі А.М. Мектеповамен кездесу өткізді.
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында 28.11.2015 ж. «АРТ ДЕКО» жарнама агенттігінің директоры Т.С.Бабиеваның студенттермен кездесуі өткізілді. 03.12.2015 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Г.Кабижанова және С.Кұспанова шеберлік-класстарын өткізді. Іс-шаралар барысында түлектер өзі туралы және өзінің жетістіктерін баяндай отырып, өз ойларымен бөлісті. Кездесуде 30-ға жуық студент-бакалаврлар және магистранттар қатысты.
Физика-математика факультетінде 23.02.2016 ж. М-11, М-13, М/п-15, М/у-15 топтарына «Жоғары оқу орнымен жалпы орта білім беретін мектеп арасындағы сабақтастық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге факультет деканы А.Б.Медешова, факультет оқытушылары мен «Өрлеу» БАҰОӘ АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Е.Н. Сафиуллин шақырылды.
2016 жылдың ақпан айының 24 күні информатика кафедрасының аға оқытушысы С.М.Акимова 5В011100 «Информатика» мамандығының 04206, 04206 а-топ студенттерімен «Өрлеу» БАҰОӘ АҚ филиалы БҚО ПКБАИ барды. Математика және информатика пәндерінің әдістемелік кабинеттеріне, ақпараттық технологиялар бөліміне, серверлік бөлмеге, типографияға экскурсия жүргізілді. Содан кейін оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Е.Н.Сафуллин, ақпараттық технологиялар бөлімінің бас мамандары А.Н.Накишев, Н.К.Дускалиев, С.С.Шагировтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде мектепте жас мамандардың бейімделуінің жалпы мәселелері, мұғалімдер мен жас мамандарды даярлау мен білімін арттыру мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстелден кейін С.С.Шагиров «Сайт жасау. Қазіргі технологиялар» атты шеберлік-класс өткізді.
Осы күні факультетте «Өз мансап жолымды неден бастадым?» атты түлектер мен 2-3 курс студенттері арасында кездесу шарасы өткізілді. Шараның мақсаты: факультет студенттерін әр түрлі салада қызмет етіп жатқан түлектермен, олардың жетістіктерімен таныстыру, сонымен қатар еңбекке сүйіспеншілігін арттыру, мамандықтары мен таңдаған салалары бойынша білімдерін толықтырып, бағыт-бағдар беру болып табылады. Кездесуге физика-математика факультетінің түлектері: факультет деканы А.Б.Медешова, «BatysIT» ЖШС қызметкері Р.А.Хамзина, КПО б.в. компаниясының техникалық қызмет көрсетудің бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика бөлімінің технигі Р.А Кушербаев., Орал гуманитарлық колледжінің оқытушысы А.У.Тлеушева, информатика кафедрасының аға оқытушысы Ж.М.Муратова, Батыс Қазақстан инжинерлік-технологиялық колледжінің оқытушысы Г.К.Кудабаева, №41 ЖОББМ мұғалімі Ф.Б. Сай-мова, Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы, циклдік комиссияның төрағасы М.Ж.Кабденова, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, ақпараттық технологиялар бөлімі жетекшісінің орынбасары М.М.Му-хамбетов шақырылды. Кездесуге 5В011100 «Информатика», 5В060200 «Информатика», 5В070300 «Ақпараттық жүйелер», 5В070400 «ЕТжБҚЕ» мамандықтарының студенттері мен информатика кафедрасының оқытушы-лары қатысты.
Жаратылыстану-география факультетінде 2015-2016 оқу жылындағы қазан-наурыз айлары аралығында БҚМУ түлектері қауымдастығы шеңберінде факультетті әр жылдары аяқтаған түлектер: №3 ЖОББМ директоры Л.Ю.Юшинамен, №46 ЖОББМ директоры Н.О.Алпысбаев, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.П.Фоминмен түрлі деңгейдердегі кездесулер, дөңгелек үстелдер оздырылды. 2016 жылдың 4-11 ақпан аралығында әдістемелік апталық аясында факультетті бітіріп, қала мектептерінде жұмыс жасап жүрген мектеп мұғалімдерімен студенттердің педагогикалық сараманын ұйымдастыру, өткізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мектеп мұғалімдері өз ойларымен бөлісіп, сараман өткізу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берді.
Педагогика факультетінің дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасы бойынша да түлектер қауымдастығы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Олар:
1. 10.02.2016 күні №34 ЖОББМ АӘД пәнінің мұғалімі М.Отаровтың қатысуымен «Особенности проведения летних военных сборов учащихся старших классов» атты дөңгелек үстел;
2. 25.02.2016 күні №2 БЖСМ директорының орынбасары Г.Баекесо-ваның қатысуымен «Современные требования подготовки документаций в спортивных школах» тақырыбындағы семинар;
3. 16.03.2016 күні №3 БЖСМ директоры Б.Б. Капсатованың қатысуымен «Актуальные проблемы подготовки спотсменов-борцов» атты дөңгелек үстел;
4. 05.04.2016 күні Орал қаласының №46 ЖОББМ-де өткен «Лучший учитель физической культуры области» байқауы. Комиссия құрамына п.ғ..к. Р.Н.Испулова, б.ғ.к. В.Л.Мельников, магистрлер С.Н.Рыскалиев, С.Ж.Бахтия-ровалар қатысты.
Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары А.Г.Мухан-бетчина мен Г.Е.Тілепбергенова 2015 жылдың 10 қарашасы күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бас маман-психологы А.Қ.Махимованы шақырып, «Қыры да көп, сыры да көп мамандық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Негізгі мақсаты студент-тердің мамандыққа қызығушылықтарын аттыру. Дөңгелек үстел барысында тренинг жүргізілді.
Филология факультеті бойынша шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 16 ақпаны күні Орал қаласы, №28 ЖОББМ жоғары санатты ағылшын тілінің мұғалімі Е.М.Қадыргалиева 5В011900 «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттеріне «Новые подходы в обучении английскому языку» атты ашық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға тіл үйретудің жаңа әдістемелері туралы айтылып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Түлектер қауымдастығы шеңберінде аталмыш кафедрада 2016 жылдың 25 ақпаны күні «Болашақ» тіл үйрену орталығының директоры З.Ж.Аман-баева 1-курс магистранттарына «Виды педагогических задач-ситуаций: особенности конструирования и использования» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Тарих, экономика және құқық факультеті бойынша түлектер қауым-дастығы аясында «Қазпочта» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының маркетинг, жарнама және PR бөлімінің бас маманы А.А. Мендыгалиевпен 2015 жылдың 13 қараша күні 5В050900 «Қаржы» және 5В050600 «Эконо-мика» мамандықтарының 4-курс студенттерімен өндірістік сараманнан өту туралы ақпарат беру мақсатында кездесу өткізілді.
2016 жылдың 24 ақпаны күні №2 қалалық соттың судьясы М.С.Қадыр-баевтың қатысуымен 5В030100 «Құқықтану» мамандығының 2, 3-курс студенттеріне арналған «Сот жүйесіндегі қазіргі өзгерістер» тақырыбында семинар өткізілді.
Сондай-ақ 2016 жылдың 11 наурызы күні Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Ж.Т.Ерназаровтың қатысуымен 5В030100 «Құқықтану» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Жастардың мемлекеттік қызметке дайындығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
17.04.2016 жылы Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы Н.Тажке-новтың қатысуымен 5В050600 «Экономика», 5В050700 «Менеджмент» және 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының 2, 3- курс студенттерімен «Кәсіпкерлікті қалай ұйымдастыруға болады?» тақыры-бында шеберлік класс ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында студенттер маманға кәсіпкерлікті ұйымдастыру бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
5. «Түлектерді тарату» шарасы
2016 жылдың 15 сәуір күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, көршілес Атырау және Маңғыстау облыстық білім басқармаларының, Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадр бөлімінің жетекшілері, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет бөлімдері мен балалар шығармашылығы орталықтарының өкілдері қатысты.
«Түлектерді тарату» шарасының нәтижесінде педагогикалық мамандықтар түлектерін алдын-ала жұмысқа бөлу бойынша күндізгі бөлім бойынша 585 студенттің 472- таратылса, 113 адамға еркін жұмысқа орналасу құқығы берілген болатын.
"Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына сәйкес университет көлемінде құрылған түлектерді дербес бөлу жөніндегі комиссияның екі отырысы (10.06.2016 ж. хаттама №1 және 22.06.2016 ж. хаттама №2) өткізілді. Комиссия отырысының нәтижелері:
1. Педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысының «ауылдық квота» шеңберінде білім алған 65 түлектің ішінде 6 адам отбасы жағдайына байланысты жұмыс жасаудан босатылды, 55 адам түрлі ауылдық білім беру ұйымдарына жұмысқа жолданса, 4 адам бос вакантты жұмыс орындарының жоқтығынан аудандық «Жұмыспен қамту орталықтары» ММ-не тіркеуге тұруға жіберілді;
2. Педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім алған 151 түлектің ішінде 119 адам қалалық және ауылдық мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа жолданды. Жанұя жағдайына байланысты 12 түлек жұмыс жасаудан босатылса, 3 адам ҚР Қарулы күштер қатарына шақырылды. 17 түлек бос вакантты жұмыс орындарының жоқтығына байланысты қалалық және аудандық «Жұмыспен қамту орталықтары» ММ-не тіркеуге тұруға жіберілді.
Түлектерді жұмысқа орналастыруда БҚМУ түлектерінің ассоциациясы мен Жұмыс берушілер кеңесі де зор септігін тигізеді. Оқу жылы барысында аталған қауымдастықтар мансап орталығымен бірлесіп бітіруші курс студенттерімен кездесулер ұйымдастырады, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін шақырып, сараман, тағылымдамалар өту барысы туралы талқылайды, презентациялық материалдар көрсетеді.
6. «Мансап күні» шарасы
2016 жылы 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Спорта сарайында дәстүрлі Мансап күні өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес мамандықтардың («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Аударма ісі», «Құқықтану», «Дизайн» т.б.) түлектеріне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруға мүмкіндік беру.
Шараға облыстық (қалалық) жұмыспен қамту басқармалары, облыстық (қалалық) мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармалары, облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері, шығармашылық орталықтар, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. шетелдік компаниясы, ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалы, ІІ деңгейлі банктердің облыстық филиалдары, ӨЖК «Серік» ЖШС, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, облыстық және қалалық ішкі істер департаменті, акционерлік қоғамдар, биологиялық-экологиялық орталық, кадрлық агенттіктер, тілдік оқу орталықтары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, туристік фирмалар тәрізді 70-ке тарта мекемелер қатысты.
Дәстүрлі «Мансап күніне» университетті үстіміздегі жылы аяқтағалы тұрған педагогикалық емес мамандықтардың 457 студенті қатысты. Олар өз кезегінде жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға, түйіндемелерін тапсырып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Шара салтанатты және жұмыс бөлімінен тұрды.
Ұсыныстар:
Алдағы оқу жылында мансап орталығының жұмысын жақсарту, тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар ұсынылады. Олар:
1. Мамандықтар бойынша сараман базаларының санын арттыру мақсатында түрлі мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен жасалған келісім-шарттар санын арттыру;
2. Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында кешенді шаралар жүйесін жасақтап жұмыстану (ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасасу, кепіл хаттар негізінде өндірістік сараман өту үшін аудандық, ауылдық мектептерге жіберілетін студенттер санын арттыру, жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, түрлі басқармалар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру, т.с.с.);
3. Жұмыс берушілер кеңесі мен түлектер ассоциациясы жұмысын одан әрі жандандыру.

