2014 жылдың 4-сәуір күні жылма-жыл ұйымдастырылатын дәстүрлі педагогикалық мамандықтардың түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Шараға Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадрлар бөлімінің бастықтары, сонымен қатар облыстық және аудандық мәдениет орталықтарының өкілдері қатысты.
2014 жылы университетті 569 студент тамамдайды, олардың ішінде:
- 296 педагогикалық;
- 273 педагогикалық емес мамандықта оқитын студенттер.
Шараға барлығы педагогикалық мамандықтар бойынша бітіретін 296 студент (оның ішінде грант негізінде ауыл квотасымен түскені – 50), өнер мамандықтары бойынша 33 студент, бәрін қосқанда 329 студент қатысты.
Білім беру саласының мамандықтары бойынша:
- 296 студент (204 –і аудандарға қарасты білім беру ұйымдарына, 66-ы қалалық білім беру ұйымдары мен жеке орталықтарға) таратылды
- 26 студент сұраныстың жоқтығына байланысты ерікті таратылды;
Өнер мамандықтары бойынша оқуды тамамдағалы отырған 33 студенттің 29 (9-ы аудандық, ал 20-і қалалық білім беру және мәдени-демалыс орталықтарына) жолданып, 4-і ерікті таратылды.


