Жаңалықтар
«Ашық есік айлығы»: Ақжайық ауданының жұмыс берушілері түлектермен кездесті
2026 жылдың 13 мамырында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Ашық есік айлығы» шеңберінде Ақжайық ауданының жұмыспен қамту орталығы мен бірқатар мектеп өкілдерінің педагогикалық білім беру бағдарламаларының бітірушілерімен кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шарада жұмыс берушілер аудан мектептеріндегі қолжетімді бос лауазымдар, жас мамандарды қолдауға бағытталған бағдарламалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен ақпарат ұсынды. Түлектер жұмыс берушілермен тікелей пікір алмасып, өз түйіндемелерін тапсырып, мамандыққа қатысты сұрақтарына толық жауап алды. Кездесу еркін форматта өтіп, жас педагогтар үшін кәсіби тәжірибе алмасуға және еңбек нарығы туралы нақты түсінік қалыптастыруға тиімді алаң болды.






