2025 жылғы 27 мамырда Бәйтерек ауданының Мансап орталығы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті еңбек нарығының ерекшеліктері және жас мамандарды ауылдық өңірлерге тарту мәселелері қарастырылды. Кездесу қорытындысында мансап орталығы түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында университетпен өзара ықпалдастық орнатып, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді. Бұл әріптестік түлектердің өңірлік еңбек нарығына тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді.

