2025 жылғы 27 мамырда Бөрлі ауданының Мансап орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында жергілікті еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жас мамандарды ауылдық өңірлерге тарту жолдары талқыланды.Тараптар түлектерді жұмысқа орналастыру бағытында мансап орталықтарымен бірлескен іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді. Бұл ынтымақтастық жас мамандардың өңірлік деңгейде жұмыспен қамтылуын арттыруға ықпал етпек.

