2025 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалында семинар өтті. Іс-шара барысында медиа саласындағы қазіргі еңбек нарығының талаптары, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби ортаға бейімделу мәселелері талқыланды. Семинар аясында студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу бойынша келісімдер жасалып, жас мамандарды жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесу болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын арттырып, еңбек нарығына сәтті бейімделуіне бағытталды.

