IT индустриясы мен білім беру саласындағы ынтымақтастық: заманауи құзыреттерді дамыту

2025 жылғы 26 мамырда IT Group Kazakhstan компаниясының қатысуымен тақырыптық форум өтті. Форум барысында ақпараттық технология саласындағы заманауи құзыреттер, цифрлық еңбек нарығына қойылатын талаптар және мамандарды даярлау бағыттары қарастырылды. Іс-шара аясында студенттерге тағылымдамадан өту мүмкіндіктері ұсынылып, оқу бағдарламаларына IT-компетенцияларды енгізу жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұл бастама білім беру мен IT индустриясы арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.