2025 жылғы 15 мамырда Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Мансап күні» (Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі) ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу. Іс-шараға түрлі ұйымдардың өкілдері қатысып, түлектермен кездесіп, еңбек нарығы мүмкіндіктері мен бос орындар туралы ақпарат берді.


