«Қазіргі еңбек нарығында түлектерді жұмысқа орналастыру: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбындағы дөнгелек үстел

 

Дөңгелек үстел мәжілісіне Батыс Қазақстан облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, облыстық және қалалық білім басқармаларының, білім беру ұйымдарының, Дін істері басқармасының, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Ішкі істер басқармасының, БҚО Соттар Әкімшісінің, Статистика департаментіның, екінші деңгейлі банктердің, Қазпочта, ӨЖК «Серік»  ЖШС, туристік фирмалар, баспасөз өкілдері және т.б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланып, жұмыс берушілердің нақты ұсыныстары қатерге алынды. Шара соңында университет пен жұмыс берушілердің бірлесіп атқаратын жұмыстары нақтыланған қарар қабылданды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2025 Mahambet Yniversiteti