Жұмыс берушілермен өткізілген дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық салаларының сұраныстары негізінде жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау, кәсіби сараман уақытында жас мамандарды сынақтан өткізіп, алдағы уақытта жұмысқа орналастыру, 2018 жылға жас мамандарға қажеттік мәселелері кеңінен талқыланып, оларды шешу мәселелері қарастырылды.