Мансап күні

2014 жылдың 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді.

Бұл шараның басты мақсаты – педагогикалық емес («Экономика», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Туризм», «Ақпараттық жүйе», «Экология», «Құқықтану», «Дизайн», т.б.) мамандықтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуына, түйіндемелерін қалаған мекемелерге бір уақытта тапсыруларына мүмкіндік жасау. Шараға облыстық, қалалық жұмыспен қамту басқармалары және мәдениет басқармалары, шығармалылық орталықтар, Қазақстан банктерінің облыстық филиалдары, ӨЖК «Серік» ЖШС, БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, БҚО ішкі істер департаменті, акционерлік қоғамдар, биологиялық – экологиялық орталықтар, туристік фирмалар тәрізді 47 мекеме, 165 – ке жуық педагогикалық емес мамандықтардың студенттері қатысты.

Шара салтанатты бөлімнен және жұмыс бөлімінен тұрды. Салтанатты бөлімді  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик  Иманғалиев Асхат Сәлімұлы ашты. Одан әрі  М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің мәдени тынығу жұмысы мамандығының 2009 жылғы түлегі, бүгінгі таңда Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Аргенова Гүлдана Мәлікқызына, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығының басшы орынбасары Кучкина Тамара Васильевнаға.  Сонымен қатар Облыстық  экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  әлеуметтік саланы дамыту бөлімінің басшысы  Еркегалиева Райса Жумахметовнаға және қаламыздағы ӨЖК «Серік» ЖШС-нің кадр бөлімінің қызметкері Кенжегалиева Айнұр Бақытжанқызына сөз берілді.
Келесі бөлімде студенттер жұмыс берушілердің негізгі талаптарымен танысып, олардың берген ақпараттарын қызығушылықпен тыңдады, келген мекемелерге түйіндемелерін тапсырды. Шараға қатысып отырған облыс және қаламыздың мекемелері өкілдеріне сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптар алды.
Сонымен бірге, шараға қатысуға «Орал өңірі», «Жайық үні», «Приуралье» газеттері мен «Қазақстан-Орал», «ТДК-42»  облыстық телеарналарының түсіру тобы келді.

© 2026 Махамбет университеті