Кездесуді университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлы алғы сөзінен кейін факультет декандарының мамандықтарды таныстыру презентациялары жалғастырды.
Семинар-кеңес барысында білім бағдарламасы аясында түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптар, аймақтық еңбек нарығындағы басты мәселелер және оның 2013-2014 оқу жылы жас мамандардың жұмысқа орналасуларына тигізетін әсері, жетекшi компаниялардың жас мамандарды жұмысқа орналастыруы бойынша тәжірибелері сияқты мәселелері талқыланды. Шараға қатысқан барлық мекеме өкілдері өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында семинар-кеңесте қаралған сұрақтар мен мәселелерді қорытындылай келе, ұсыныстар жобасы жасалды. Жоба бойынша жұмыс берушілерге университетпен әлеуметтік байланысын жетілдіруге (мақсатқа бағытталған мамандарды даярлауға гранттар мен стипендиялар бөлу, оқу-ғылыми зертханалық база құруға көмектесу); студенттерге кәсіби және дипломалды сараманнан өту кезінде көмектесуге; ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруға ықыласты болуға; мүмкіндігінше Мансап күні, жастар практикасы және тағы да басқа осы бағыттағы шараларға демеуші болуға; жоғары оқу орындарының түлектерін белгілі бір мақсатта мамандандыруды көздейтін ортақ бағдарламалар жасауға ұсыныстар жасалды.
