2025 жылғы 14 наурызда университетімізде мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алған түлектермен кездесу өтті. Іс-шараға Қаржы орталығы АҚ өкілі Ақзира Серікқалиқызы қатысып, мемлекеттік тапсырысты өтеу тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Кездесу барысында түлектерге өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік беріліп, мемлекеттік тапсырыс негізінде 3 жылдық еңбекпен өтеу міндеттері туралы толық ақпарат ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – түлектердің алған білімдерін тиімді пайдаланып, өз мамандықтары бойынша еңбек етуге дайындығын қамтамасыз ету.

