Елімізге танымал ірі компаниялардың бірі - КПО б.в компаниясы. Ақпан айының 27-сі күні компания өкілдері университетіміздің ректоры академик Имангалиев Асхат Сәлімұлымен кездесті.
Келген қонақтар Антонио Маглио – қызметкерлерді басқару менеджері және Игизова Шолпан – кадр бөлімінің бас маманы. Кездесу барысында студенттердің сараманнан өтуі туралы сөз етілді. Компания туралы ақпарат беру үшін арнайы мамандар келіп дәріс жүргізу керектігі талқыланды. Университеттің озық студенттері үшін танысу экскурсиясын ұйымдастыру келісілді. Сөз соңында ректор өз қолымен сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті. Оқу ісі жөніндегі проректор Ғ.Х.Жүсіпқалиевамен кездесіп, академиялық ұтқырлық туралы, оқытушыларды шетелге біліктілік арттыруға жіберуге жәрдемдесу керектігі жөнінде талқылады. Қонақтар университетіміздің тарихы туралы мұражайды аралап мағлұмат алса, кітапханаларды аралап оқулық қорымен танысты. Сонымен қатар химиялық лабораторияны аралап, жаңа құрылғылармен тәжірибе алмасты. «Химия» мамандығы студенттеріне компаниядан сараманнан өтуге келісім жасалды. Университетіміздің және «ТДК - 42» телеарнасынан келген БАҚ қызметкерлеріне сұхбат берілді.


