2026 жылғы 7 қазанда университетімізде халықаралық IT-компания Netcracker өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға 6B06102 – «Ақпараттық жүйелер», 6B06103 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 6B01705 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты – студенттерді компанияның өнімдері мен қызметтерімен таныстыру, 3–4-курс білім алушыларын өндірістік практикаға және жұмысқа орналасуға тарту. 2023 және 2024 жылдардағы кездесулер нәтижесінде «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Чмутов А. және Ислямгалиев А. компанияның офлайн оқыту бағдарламасынан өтіп, жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта олар оқуын жалғастыра отырып, сабақтан тыс уақытта компанияда еңбек етуде. Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби дамуына, тәжірибе жинақтауына және болашақ мансабына жол ашуға мүмкіндік береді.




