2026 жылдың 18 мамыр күні «Ашық есік айлығы» аясында Тасқала ауданының жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен университет түлектеріне арналған кездесу өтті Кездесу барысында Тасқала ауданы бойынша бос жұмыс орындары, жас мамандарға арналған мүмкіндіктер, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар және жұмысқа орналасу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді Сонымен қатар, түлектерге мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау тетіктері, жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны жобалары және кәсіптік бағыт-бағдар беру мәселелері түсіндірілді. Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды Шараның басты мақсаты — жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне қолдау көрсету және олардың тұрақты жұмысқа орналасуына бағыт-бағдар беру болды



