Теректі ауданындағы еңбек мүмкіндіктері жас түлектерге ұсынылды

2026 жылдың 19 мамыр күні «Ашық есік айлығы» аясында Теректі ауданының мансап орталығы мамандарының қатысуымен бітіруші түлектерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды Іс-шара барысында Теректі ауданындағы еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары, жас мамандарға ұсынылатын қолдау шаралары, сұранысқа ие салалар мен кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты мәлімет берілді . Сонымен қатар, қатысушыларға жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, тәжірибеден өту мүмкіндіктері, алғашқы еңбек жолын бастауға бағытталған жобалар және мамандық таңдаудағы маңызды кеңестер түсіндірілді. Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер мен түлектер көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды Шараның негізгі мақсаты — жастардың еңбек нарығына бейімделуіне ықпал ету, олардың кәсіби бағдарын айқындауға көмектесу және тұрақты жұмыспен қамтылуына қолдау көрсету болды.

© 2026 Махамбет университеті