«КАZКОN» кондитерлік фабрикасы өкілдерінің университет студенттерімен кездесуі

 

Кездесу барысында фабриканың бас директоры Марат Жаулыбайұлы Каженов компанияның құрылу тарихы, қазіргі тыныс-тіршілігі, шығаратын өнімдері туралы толық мағлұмат беріп өтті. Сондай-ақ компанияның басқа да өкілдері сөз алып, өздерінің жеткен жетістіктері туралы баяндады.

Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, оларға жауаптар алды. Кездесу соңында студенттер сауалнамалар толтырды.

Компания ұжымы сондай-ақ студенттер үшін арнайы соңғы үш жылда шыққан әлемдік деңгейдегі менеджмент, маркетинг, сату, ұйымды басқару бағытындағы кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

 

© 2026 Махамбет университеті