2026 жылғы 20 мамыр күні «Ашық есік айлығы» аясында Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы түлектермен онлайн кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру және жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат беру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі, мемлекеттік аппараттағы қызметтің ерекшеліктері, мемлекеттік қызметке кіру талаптары мен конкурстық іріктеу рәсімдері жөнінде жан-жақты мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері мен жас мамандарды қолдауға бағытталған шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Онлайн кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар мен мемлекеттік орган өкілдері арасында өзара пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.
Мемлекеттік қызмет – халықтың әл-ауқатын арттыруға, өңірдің және мемлекеттің дамуына үлес қосуға бағытталған жауапты әрі мәртебелі қызмет. Осындай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етеді.



