М.Өтемісов атындағы БҚУ түлектерінің Қауымдыстығы туралы ереже

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Жалпы мүдделерді жүзеге асыру, мәдени, білім беру, ғылыми басқару және басқа мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған және мүшелікке негізделген «БҚУ түлектерінің Қауымдастығы» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық ұйымы БҚУ түлектерінің өзін-өзі басқара алатын ерікті қоғамдық ұйымы болып табылады. Қауымдастық университет пен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, БҚУ түлектеріне көмек көрсетеді және білім беру қызметі нарығындағы ЖОО-ның орнын нығайтуға жәрдемдеседі.

Қауымдастықтың ұйымдастырушылық–құқықтық формасы – қоғамдық ұйым.

Қауымдастық қызметі шектеусіз. Қауымдастық өзінің қызметін ҚР әртүрлі аймақтарында және шетелде тұратын түлектерді өз мүшелігіне тарта отырып Батыс Қазақстан облысының аумағында жүзеге асырады.

1. МАҚСАТЫ:

- оқу, ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жобаларды жүзеге асыруда түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, БҚУ-дың даму стратегиясын жүзеге асыруға жағдай жасау;

- БҚУ түлектері, студенттері және қызметкерлерінің мүмкіншіліктерін біріктіре отырып, БҚМУ миссиясын жүзеге асыруға, имиджін қалыптастыруға, БҚУ-дың ұжымдық байланыстарын нығайтуға жәрдемдесу;

- БҚУ-дың әлеуметтік, мәдени, оқу, ғылыми мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

- БҚУ түлектерінің өзін-өзі жетілдіруіне, кәсіби өсуіне жағдай туғызуға жәрдемдесу.

2. МІНДЕТІ:

- ЖОО-ның үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;

- БҚУ түлектерінің бір-бірімен кәсіби қарым-қатынас орнатуына, Қауымдастық мүшелері арасындағы байланысты сақтауға көмек көрсету;

- түлектерге білім беру, кеңес беру және басқа да қызметтер көрсету;

- Қауымдастық қызметінің мақсаттарына сәйкес бағдарламалар мен жобалар жасау;

- сауалнамаларға, факультет Кеңестерінің жұмысына қатысу арқылы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын, оқу үрдісінің кестесін жасақтауға қатысу;

- сараман, дуалды оқыту бағдарламаларын, студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыптарын жасақтауға қатысу;

- түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

- дәрістер, семинарлар, конференциялар, көрмелер, мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да шаралар өткізу;

- БҚУ-дың материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыруға қатысу, демеушілік көмек көрсету жолдары мен әдістерін қарастыру;

- БҚУ-дың облыстың коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарымен ынтымақтастығын нығайтуға жәрдемдесу.

3. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛІГІ:

Қауымдастықта жеке және құрметті мүшеліктер бекітілген.

3.1 Қауымдастықтың жеке мүшелігіне өте алатын жеке тұлғалар:

- БҚУ-ды бітірген және БҚУ бітіргендігі туралы диплом алғандар;

- БҚУ-дың магистратурасын, аспирантурасын, докторантурасын бітіргендер;

3.2 Қауымдастықтың құрметті мүшелері болып көрнекті ғылым, мәдениет, білім, бизнес саласының өкілдері, көрнекті мемлекеттік және саяси қызметкерлер бола алады. Қауымдастықтың құрметті мүшелігіне шақыру құқығы Қауымдастық Кеңесіне беріледі.

4. ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

4.1 Түлектер қауымдастығы БҚУ-дың барлық факультеттерінде құрылады және оған ЖОО-ның барлық мамандықтарының өкілдері кіреді.

4.2 Қауымдастық қызметіне жалпы басшылықты құрамына факультет түлектерінің өкілдері кіретін М.Өтемісов атындағы БҚУ түлектері Қауымдастығының Кеңесі жүзеге асырады.

4.3 Қауымдастық Кеңесін Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен 3 жылға сайланатын Төраға басқарады.

4.4 Қауымдастық қызметі факультеттер деңгейінде ұжымдық органдардың жұмысына қатысу (Факультет кеңесі, ОЖЖ және ЭПК комитеті) және университет деңгейінде жылына бір реттен кем емес Кеңес мәжілісін өткізу арқылы жүзеге асырылады.

4.5 Кеңес құзыретіне кіреді:

- «М.Өтемісов атындағы БҚУ Түлектері қауымдастығының ережесін» қабылдау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- Қауымдастықты қайта құру.

4.6 БҚУ-дың мансап орталығы Қауымдастық қызметін үйлестіруші орган болып табылады.

5. ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1 Қауымдастық мүшелері құқылы:

- барлық органдардың қызметі мен жұмыстарын басқаруға қатысуға, Қауымдастық өткізетін немесе қатысатын барлық шараларға қатысуға, сондай-ақ, Қауымдастық бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға қатысуға;

- Қауымдастық қызметіне қатысты барлық мәселелерін талқылауға және оның жұмысын жақсартуға ұсыныстар білдіруге;

- Қауымдастық және оның органдарының қызметі туралы ақпаратты алуға;

5.2 Қауымдастық мүшелері міндетті:

- Қауымдастық ережесінің барлық бөлімдерін орындауға;

- өздері сайланған органдардың жұмыстарына белсене қатысуға;

- Қауымдастықтың басқарушы органдарының шешімдерін орындауға, Қауымдастық атынан сөз сөйлеп және қызығушылықтарын таныстыруда өз қызметтерін Қауымдастық басшылығымен келісуге;

- Қауымдастыққа нұқсан келтіретін әрекеттер жасамауға.