«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы: жас мамандар мен кадрлық әлеуетті дамыту

2025 жылғы 17 сәуірде «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында энергетика және мұнай-газ саласындағы кадрларға қойылатын қазіргі талаптар, сондай-ақ болашақ мамандарды даярлау мәселелері сөз болды. Кездесу нәтижесінде студенттердің сараманнан өтуіне арналған квоталар қарастырылып, компания тарапынан жоғары оқу орны түлектерін жұмысқа орналастыруға мүдделілік білдірілді. Бұл өзара ынтымақтастық кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған.