Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесі өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Орал қаласында Еңбек күніне орай бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шара жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты нығайтуға, жастарды жұмыспен қамтуға және түлектерге кәсіби мүмкіндіктер ұсынуға бағытталды. Жәрмеңкеге 30 жұмыс беруші қатысып, қаладағы орта және жоғары оқу орындарының түлектеріне бос жұмыс орындарын ұсынып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді. Іс-шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлектері де қатысып, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған бос жұмыс орындары туралы мәлімет алды. Мұндай іс-шаралар жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуіне және кәсіби жолын бастауына ықпал етеді.

© 2026 Махамбет университеті