«Жасанды интеллект дәуіріндегі түлектердің кәсіби трансформациясы және еңбек нарығына бейімделуі» тақырыбындағы форум өтті

22 сәуір 2026 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Жасанды интеллект дәуіріндегі түлектердің кәсіби трансформациясы және еңбек нарығына бейімделуі» тақырыбында форум өтті. Форум аясында жасанды интеллект жағдайындағы еңбек нарығының жаңа талаптары, түлектердің кәсіби бейімделуі, жұмыспен қамту тетіктері және цифрлық трансформация мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағыттарын қарастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестерден 30-ға жуық мекеме қатысты.

© 2026 Mahambet Yniversiteti