2026 жылғы 14 қазанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің білім алушыларымен «Экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру» микробіліктілік беру бағдарламасы аясында кездесу өтті. Кездесуге экономика, құқық және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша білім алып жүрген 40 студент қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды бағдарламаның мазмұнымен таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандардың практикалық дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін талқылау. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметте, оның ішінде құқық қорғау органдарында қызмет етуді мақсат еткен 4-курс студенттерінің 12-сі өз білімдері мен кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Микробіліктілік бағдарламасы олардың экономикалық қылмыстарды тергеп-тексеру саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта бағдарлама аясында оқу сабақтары мен практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, білім алушылардың кәсіби даму барысы мен қол жеткізген нәтижелері туралы ақпарат ұсынылады.
Басты мақсат – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсету. Болашақ мамандардың кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған мұндай бастамалар жоғары білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ білікті кадрлар даярлауға ықпал етеді.



