Жаңалықтар
Жұмыс берушілермен стратегиялық әріптестік талқыланды
2026 жылғы 11 ақпанда Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультетінде «Білім беру бағдарламаларын дамытудағы университет пен жұмыс берушілердің стратегиялық әріптестігі: сапа, икемділік және түлектердің сұранысқа ие болуы» тақырыбында академиялық комитет отырысы өтті. Іс-шараға факультет басшылары, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, эдвайзерлер және Түлектер қауымдастығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында 2026–2030 оқу жылдарына арналған элективті пәндер каталогтары мен Minor бағдарламалары, «Атамекен» ҰКП рейтингісінің нәтижелері, пререквизиттер мен постреквизиттерді есепке алу, силлабустар мен бақылау-өлшеу материалдарының сапасы, CLIL әдісін енгізу және оқу жетістіктерін бағалау критерийлері қаралды. Сондай-ақ элективті пәндерге тапсырыс беру конкурсы мен микроквалификацияларды білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелері талқыланып, оларды Minor және элективтік пәндермен интеграциялау жолдары қаралды. Отырыстың қорытындысында аналитикалық есептер мен нақты ұсыныстар әзірленіп, университет, жұмыс берушілер және Түлектер қауымдастығы арасындағы бірлескен жұмысты әрі қарай дамыту бағыттары белгіленді.




