2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Тарих, экономика және құқық факультетінің 4-курс студенттерімен, яғни бітіруші түлектермен кездесу өтеді.
Кездесу барысында мекеме қызметі туралы толық ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, бос жұмыс орындары, кәсіби тәжірибе және жұмысқа қабылдау талаптары таныстырылады.
Мекенжайы: Досмұхамедов көшесі, 45.
Кездесуге міндетті түрде қатысуларыңыз сұралады.