Құрметті 2023–2024–2026 жылдардың түлектері!
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мансап және жұмыспен қамту орталығы «Апгрейд» жобасы аясында сіздерге жаппай ашық онлайн-платформада курс оқу мүмкіндігін ұсынады.
Курс туралы ақпарат:
— Оқу ұзақтығы: 15 апта
— Қолжетімділік мерзімі: 1 ай
— Оқу толықтай онлайн форматта өтеді
— Курс соңында сертификат беріледі
Сонымен қатар сіздерге:
— курстар тізімі
— қатысу нұсқаулығы жіберіледі
Маңызды:
Қатысушылар тізімі 2026 жылдың 28 мамырына дейін жасақталуы қажет.
Курсқа қолжетімділік әр түлекке жеке түрде беріледі.
Тіркелу үшін төмендегі мәліметтерді ұсыну қажет:
— Т.А.Ә.
— ЖСН
— электрондық пошта
— ұялы телефон нөмірі
