«Келешек мектептері» жобасы аясында педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің диагностикалық бағалауы өткізілді
2025–2029 жылдарға арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ дамыту стратегиясын іске асыру жоспары шеңберінде педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалауға бағытталған диагностикалық бағалау өткізілді.
Аталған іс-шара «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында бірлесіп ұйымдастырылды.
Диагностикалық бағалау 2025 жылғы 25, 26, 28 және 29 мамыр күндері өтті. Бағалауға қатысуға 158 түлек ниет білдіріп, олардың 148-і тестілеуге қатысты.
Бағалаудың негізгі мақсаты – болашақ педагогтердің пәндік құзыреттері мен әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларының деңгейін анықтау, сондай-ақ олардың кәсіби даму әлеуетін бағалау. Диагностикалық жұмыстар бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих пәндері бойынша жүргізілді.
Іс-шара нәтижелері «Келешек мектептері» жобасы үшін кадрлық резерв қалыптастыруға, педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби даму траекториясын айқындауға және білім беру ұйымдарын білікті жас мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Диагностикалық бағалау қорытындылары негізінде қатысушылардың кәсіби даярлық деңгейіне талдау жасалып, алдағы кезеңде олардың кәсіби өсуін қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз. Болашақ ұстаздарға кәсіби қызметтерінде табыс, шығармашылық ізденіс пен толағай жетістіктер тілейміз!







































