Жұмысқа қайда, жас түлек?
Бітіруші түлектер үшін ең қызықты айларының бірі, әрине, сәуір. Дәстүр бойынша, осы уақытта болашақ мамандар өздерінің жұмыс орындарына таратылады.

Бітіруші түлектер үшін ең қызықты айларының бірі, әрине, сәуір. Дәстүр бойынша, осы уақытта болашақ мамандар өздерінің жұмыс орындарына таратылады.
20.04.2018 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының әкімі А.А. Шыныбековтың университте білім алып жатқан ауданнан шыққан студенттермен кездесуі өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары З.И.Мажитова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.С.Дүйсеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Қ.Джангереева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Р.У.Нурекешов, «Жастар кеңесі» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Талапова Ж.А., Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нугманова А.Ж. қатысты.