2016 жылдың 15 сәуір күні «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді.

2016 жылдың 15 сәуір күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Білім», «Өнер», «Қызмет көрсету» бағыттары мамандықтарының түлектерін тарату комиссиясының отырысы өткізілді. Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының, көршілес Атырау және Маңғыстау облыстық білім басқармаларының, Орал қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадр бөлімінің жетекшілері, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының және аудандық мәдениет бөлімдері мен балалар шығармашылығы орталықтарының өкілдері қатысты.





2014 жылдың 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәстүрлі Мансап күні өткізілді.