Құрметті М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің білім алушылары!
Сіздерді «Твой профессиональный выбор — служба в органах финансового мониторинга» тақырыбында өтетін арнайы кездесуге шақырамыз!
Кездесудің арнайы қонағы – Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Абенов Аскар Габиденович.
Кездесу барысында қаржылық мониторинг органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, жұмысқа орналасу талаптары, кәсіби даму мүмкіндіктері мен мансаптық перспективалар туралы ақпарат ұсынылады.
Өтетін күні: 27 қараша 2026 жыл
Уақыты: сағат 15:00
Өтетін орны: Бас ғимарат, акт залы.
Барша білім алушыларды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Кәсіби таңдауыңды жаса – болашағыңа нық қадам бас!

